Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының бүгінгі жарыс күнінде екінші аруымыз бақ сынады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, жастар арасында әлем чемпионы, 57 келідегі Ұлжан Сәрсенбек 1/4 финалда Вьетнам спортшысы Тран Нгуеннен сенімді түрде басым түсіп, келесі айналымға шықты.
Айқас барысында қарсыластың бір ұпайы шегеріліп, тіпті есеп те ашылды. Осы салмақтағы жартылай финал 7 желтоқсанға жоспарланған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.