Reuters басылымындағы материалға сүйенген Aikyn.kz Amazon компаниясының жеткізу дрондарымен таныстырады.
Amazon дрондары басқа әуе кемелеріне кедергі жасамайды. Фото packagingeurope.com сайтынан алынды
Amazon жеткізу дрондары аспанға алғаш рет 2024 жылдың 4 желтоқсанында ұшты. «Сынақтан өткен жаңа MK-30 дроны жоғары автоматтандырылған дрон жүйесі мен Amazon компаниясының жетекші компьютерлік бағдарламасымен жабдықталған», – деп Amazon хабарлады.
«Арнайы бағдарлама дрондарға кедергілерді қауіпсіз айналып өтуге мүмкіндік беріп, адамдардың, жануарлардың және мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Amazon дрондарына жұмыс аймағындағы басқа әуе кемелерге кедергі болуларына жол бермейді».
Сынақ барысында компания тауарларды арнайы дайындалған дрондар арқылы жылдам және тиімді түрде жеткізу мүмкіндігін тексерді. Дрондар салмағы шамамен 2,5 килограммға дейінгі пакеттерді 30 минут ішінде тұтынушыларға жеткізе алатын мүмкіндіктерімен ерекшеленеді.
Бұл технология Италия мен Ұлыбританияда 2024 жылдың соңына дейін толыққанды іске қосылады. Фото packagingeurope.com сайтынан алынды
Amazon бұл технологияны Италия мен Ұлыбританияда 2024 жылдың соңына дейін толыққанды іске қосуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда компания АҚШ-тағы Калифорния мен Техас штаттарында Prime Air қызметін сынақтан өткізуде. Жоба аясында тұрғындар арнайы таңдалған аймақтарда дрон арқылы жеткізу қызметтерін пайдалана алады.
Бұл инновациялық тәсіл логистика саласына төңкеріс жасап, қоршаған ортаға зиянды әсерді азайтуды көздейді. Amazon өкілдері бұл технологияның болашағы бар екенін және тауарларды жеткізу жылдамдығын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін мәлімдеді. Дегенмен дрондар арқылы жеткізу қызметін кеңінен енгізу үшін нормативтік-құқықтық және техникалық кедергілерді талдау қажет. Қазіргі уақытта компания осы бағытта белсенді жұмыс істеуде.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.