Әнші екінші рет үйленгенге сынның астында қалғанын айтты.
«Тұрмысқа шығуына қарсы болдым»: әнші Айқын Төлепберген бірінші әйелі туралы айтты
25,632
оқылды

Әнші Айқын Төлепберген “Замандас” подкастында бірінші жарына қатысты сұраққа жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.  

Өнер иесі бастапқыда оның тұрмысқа шығуына қарсы болғанын жасырмады.

“Бірінші әйелімнің тұрмысқа шығуына бастапқыда қарсы болдым. Өйткені балалар кішкентай еді. Бір кезеңнен өту керек болды. Балалар өскеннен кейін жеке өміріңе де уақыт табылады деп шарт қойғаным рас. Қазір балалар өсті, екінші рет тұрмысқа шығуға келісімімді бердім. Ара-қатынасымыз жақсы. Ол – өте ақылды әйел”, – деді әнші. 

Әнші екінші рет үйленгенге сынның астында қалғанын айтты. Алайда қазір тойға Жұлдызбен бірге ән айтуға шақыратындар көбейіп келе жатқанын атап өтті.

“Жұлдыз екеуміз қосылғанда қатты хейт кетті. Қазір кішкене де болса азайды деп ойлаймын. Біз тоғыз жылдан кейін үйлену тойын жасадық. Содан кейін шығармашылығымыз да бір арнаға түсті. Дуэт әндер жаздық. Халық жеке шыққаннан гөрі, бірге ән шырқағанымызды қалайды. Тойға шақырады”, – дейді әнші. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.