Бұған спортшының өзі кінәлі көрінеді.
IBO Жанқош Тұраровты чемпиондық атағынан айыруы мүмкін
Тұрар Қазанғапов
553
оқылды

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров (28-0, 20 КО) жартылай орта салмақтағы IBO чемпиондық белбеуінен айырылады, деп хабарлайды Aykin.kz. 

Бұл боксшының әрекетсіздігінен болады. IBO ережелеріне сәйкес, титулды қорғау жылына кемінде бір рет өткізілуі керек. 10 желтоқсанда қазақстандықтың соңғы жекпе-жек өткізгеніне тура бір жыл толады. Дереккөз атап өткендей, бұл Тұраровты чемпион атағынан айыруға себеп болады.

Ол 2023 жылдың наурыз айында мексикалық Алехандро Менесесті (17-6, 10 КО) жеңіп, 10-раундта белбеуін жеңіп алды. Қазақстандық былтырғы желтоқсанда жапондық Акихиро Кондоны (37-12-2, 21 КО) жеңіп, белбеуін қорғаған болатын.

Алайда оның жеңіліп көрмеген венесуэлалық Хесус Корреа Пинтомен (16-0, 16 КО) 28 қыркүйек күні Алматыда болуы тиіс жекпе-жегі өтпей қалған еді.

Дәл осындай жағдай тағы бір жартылай ауыр салмақтағы қазақстандық Данияр Елеусіновтің (12-0, 7 КО) басынан өткен еді. Ол 2021 жылдың желтоқсанында IBO чемпиондық белбеуін жеңіп алды, бірақ бір жылдан кейін еш қозғалыс болмауына байланысты одан айрылып қалған.