Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының бүгінгі жарыс күнінде әйелдер арасындағы жартылай финал аяқталды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, 81 келідегі Гүлсая Ержан жартылай финалда көрші Өзбекстан өкілі Сохиба Рузметовамен күш сынасты.
Алғашқы раундта жерлесіміз таза ұтылғанымен, екінші раундта тараз басын өз жағына бұра алды. Ішкі қолмен бағыттаған соққылар қарсыластың әбден мазасын алып, нәтижесінде төреші екі мәрте есеп ашты.
Соңғы минутқа дейін жерлесіміздің басымдығы сақталып, 4:1 есебімен жекпе-жек тәмамдалды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.