Құжат 20 желтоқсанға дейін талқылауда болады.
Жастарға несие беру жеңілдей түсуі мүмкін
1,511
оқылды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 21 жасқа дейінгі жастарға несие беру кезінде есепке алынатын кіріс түрлері тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр, - деп жазады Aykin.kz. 

Тиісті қаулы жобасы "Ашық НҚА"  порталында жарияланды.

Несие рәсімдеуден бұрын банктер қарыз алушының төлем қабілетін оның кірісіне сүйене отырып бағалайды. Бұған дейін жастардың кірісі ретінде оның жалақысы мен стипендиясы есепке алынатын. Енді банктерге дебеттік карталардағы толықтыруларды, оның ішінде туыстардан келіп түсетін аударымдарды да есепке алуға рұқсат беріледі.

– Бұл 21 жасқа толмаған азаматтардың дебеттік картаны толықтыру арқылы алатын кірістерін есепке алу мүмкіндігін беру үшін жасалып жатыр. Бұл ретте бірдей соманы қайталап есептеуге жол берілмейді, – деп жазылған түсіндірмеде.