Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында әйелдер арасындағы жарыс аяқталды. Финалға шыққан қазақстандық боксшылардың бәрі чемпион атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Соңғы болып +81 келі салмақта рингке шыққан Елдана Тәліпова өзбекстандық Олтыной Сотымбоеваны жеңді. Осылайша, финалға шыққан бес боксшымыз да алтын медаль алды.
Олардың бәрі өз мансаптарында алғаш рет чемпион атанды. Қазақстандық әйелдер құрамасы өз тарихындағы екінші үздік нәтижесін (2021 жылы 8 алтын алған) көрсетті.
Осылайша, бүгін Виктория Графеева, Аида Әбікеева, Наталья Богданова және Гүлсая Ержан Азия чемпионы атанды. Бұған дейін 5 боксшымыз қола медаль алған еді.