Таиландтың Чиангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында ерлер арасында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Санжар Тәшкенбай 48 кг-ға дейінгі салмақтың аса тартысты өткен финалында өзбекстандық қарсыласы Шодиержон Меликузиевке есе жіберді. Төрешілер есебі: 1-4.
Осылайша, 21 жастағы Санжар Азия чемпионатының 2 дүркін жүлдегері атанды. Ол осыған дейін 2022 жылы Амман қаласында қарсылас шақ келтірмеген.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.