Ол Таиландтың Чиангмай қаласындағы финалда өзбекстандық Шахзод Музаффаровты айқын басымдықпен жеңді. Төрешілер есебі: 4-1.
Махмұд Сабырхан ересектер арасында алғаш рет Азия чемпионы атанды
Фото: Қазақстан бокс федерациясы
354
оқылды

Бокшымыз Махмұд Сабырхан 54 кг-ға дейінгі салмақта Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ол Таиландтың Чиангмай қаласындағы финалда өзбекстандық Шахзод Музаффаровты айқын басымдықпен жеңді. Төрешілер есебі: 4-1.

Қазақ спортшысы барлық раундта қарсыласына жойқын соққыларын дөп тигізіп, еш мүмкіндік берген жоқ.

Осыдан 2 жыл бұрын Амман қаласындағы Азия чемпионатында Махмұд финалда сүрініп, 2-орыннан көрінген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.