Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Үндістанның Солапур қаласында өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚР ҰОК мәліметінше, бұл кезеңде Құламбаева ресейлік Екатерина Казионовамен кездесті. Қазақстандық спортшы матчты 6:4, 7:5 жалпы есеппен өз пайдасына аяқтады.
Ширек финалда Жібек латвиялық Диана Марцинкевичпен кездеседі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.