Ресми хабарламада Абылайхан Жүсіпов пен Хавасбек Асадуллаев жекпе-жегінде өзбекстандық боксшы тарапынан спорттық ереже өрескел түрде бұзылғаны айтылады.
Өзбекстандық тістеп алған: апелляциялық шағымнан кейін қазақстандық боксшы Азия чемпионы деп танылды
©️ instagram/boxingkazakhstan
2,273
оқылды

Қазақстан бокс федерациясы 11 желтоқсан күні Чиангмайде (Таиланд) өткен Азия чемпионатының ерлер арасында 71 келі салмақ дәрежесіндегі финал бойынша IBA және ASBC ұйымдарына наразылық хат жолдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ресми хабарламада Абылайхан Жүсіпов пен Хавасбек Асадуллаев жекпе-жегінде өзбекстандық боксшы тарапынан спорттық ереже өрескел түрде бұзылғаны айтылады. Шаршы алаңдағы төреші Джована Угренович (Сербия) бұл сәтте ешқандай ескерту жасамағаны да сөз етіледі. Ал, Қазақстан тарапында ереже бұзылуына дәлел ретінде фото және видео материалдар да бар.

"Нәтижесінде IBA және ASBC ұйымдары осы салмақтағы ақтық сынды қайта қарастырып, келесі шешімге келді. 71 келіде Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы деп танылaды, ал өзбекстандық боксшы белгілі мерзімге жарыстардан шеттетіледі", – делінген Қазақстан бокс федерациясы хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.