Коронавирус қаупі: Семейде Оңтүстік Африка азаматы оқшауланды
Коронавирус қаупі: Семейде Оңтүстік Африка азаматы оқшауланды
© Бауыржан Жуасбаев
5,169
оқылды
Семей қаласына келген 1949 жылы туған ОАР азаматы карантинге жатқызылған, - деп хабарлайды ШҚО әкімінің баспасөз қызметі. Семей қаласында жұмыс істейтін азамат Дубай мен Нұр-Сұлтан арқылы транзитпен ШҚО-ға келген. «Ол 12 наурыз күні ауырғанын айтады. Дене қызуы көтеріліп, тұмауратқан. Бекітілген іс-қимылдар алгоритміне сәйкес, Семей қаласының ЖМЖС науқасты инфекциялық стационарға қорғаныш костюмдері арқылы жеткізді. Қазір ол ауруханаға жатқызылған», - делінген хабарламада. Науқасқа ЖРВИ, ауырлығы орташа деңгейдегі бронхит диагнозы қойылған. Қосымша диагноз: 2 типті қант диабеті, инсулинге тәуелділік. Алдын алу мақсатында Сovid 2019-ға талдау алынған.