Жібек Құламбаева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 401-ракеткасы индонезиялық Приска Маделин Нугрохомен кездеседі.
Жібек Құламбаева Үндістандағы жарыстың ширек финалына шықты
Фото: ҰОК
259
оқылды

Әлемнің 337-ракеткасы Жібек Құламбаева Нави-Мумбай қаласында (Үндістан) өтіп жатқан ITF W50 турнирінің ширек финалына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан теннисшісі 1/8 финалда әлемдік рейтингте 991-орында тұрған жапониялық Анри Нагатамен кездескен. Нәтижесінде 6:4, 7:5 есебімен Жібек Құламбаева жеңіске жетті. 

Айта кетейік, Жібек Құламбаева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 401-ракеткасы индонезиялық Приска Маделин Нугрохомен кездеседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.