Ақтөбе облысында шошқа тұмауымен ауыратындардың саны күрт өсті. Бір апта ішінде өңірде вирустық аурулармен емделушілер саны екі есеге артқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz Qazaqstan арнасына сілтеме жасап.
Күн сайын ауруханаға қызуы көтерілген, қатты жөтел және бас ауруы бар 120-ға дейін науқас жеткізіледі. Жартысына жуығы ауруханаға жатқызылады.
Сол үшін уақытылы дәрігерге қаралу керек және мұндай жағдайда өзін-өзі емдеу өте қауіпті, – дейді мамандар.