20-22 желтоқсан аралығында мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевты еске алуға арналған Тараз қаласында еркін күрестен ересектер арасында халықаралық турнир басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, жарысқа Қазақстан, АҚШ, Қырғызстан, Австралия, Бразилия, Өзбекстан, Ресей, Моңғолия және Қытай елдерінің спортшылары қатысып жатыр.
Турнирдің бірінші күнінде 57 келі, 65 келі, 74 келі, 86 келі және 97 келіде жүлделер сарапқа салынады.
Сайыстың басты таңғаларлық оқиғасы құрамамыздың көшбасшыларының бірі Ризабек Айтмұханның жеңілісі болды. Жартылай финалда ол америкалық Джонатан Айеллоға 9:12 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, осы салмақтардағы финалдық кездесулер 21 желтоқсанда өтеді. Ал 22 желтоқсанда 61, 70, 79, 92 және 125 келі салмақ дәрежелерінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.