Сабыржан Аққалықов жекпе-жексіз келесі айналымға өтті. Аман Қонысбеков, Дархан Дүйсебай да өз мықтылығын дәлелдей алды.
Алғашқы сенсация: Қазақстан чемпионатының үшінші күні қалай өтті?
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
362
оқылды

Қарағанды қаласында өтіп жатқан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының үшінші жарыс күні мәресіне жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 Спортты дамыту дирекциясы жарыс туралы мәлімет жариялады.

54 келі. 

2022 жылғы Қазақстан чемпионы Нұрсұлтан Алтынбек өз атағын қорғап қала алмады. Ол тартысты бәсекеде Жандәулет Сәрсенбаевтан (Алматы қ.) күтпеген жерден есе жіберді. Қазіргі сәтте бұл салмақта Кенже Мұратұлы мен Тимур Қабдешев фаворит болып тұр. 

57 келі. 

Ерболат Сабыр алғашқы раундта жеңіліп жатса да, екінші раундта Бақтияр Анастан (Алматы қ.) мерзімінен бұрын басым түсті. Бұл салмақтағы фаворит Асылжан Серікбай мен Дәулет Молдашев та жеңіске жетті. 

60 келі. 

Серік Теміржанов, Талғат Сырымбетов, Сауль Альварестің залында жаттыққан Евгений Павлов, Шыңғыс Мусинов те айтарлықтай қиындыққа тап болмады. 

63,5 келі. 

Жойқын соққысымен ерекшеленетін Ертуған Зейнулинов Шымкент қаласының өкілі Нұрлыбек Усмановты жеңіп, ширек финалға жолдама алды. 

71 келі. 

Сабыржан Аққалықов жекпе-жексіз келесі айналымға өтті. Аман Қонысбеков, Дархан Дүйсебай да өз мықтылығын дәлелдей алды. 

75 келі. 

Нұрқанат Райыс алғашқы раундта Еркебұлан Шайкеновтен 2:3 есебімен жеңілгенімен, 2-раундта техникалық нокаутпен басым түсті. Тимур Нұрсейітов те өз айқасын 2-раундта аяқтады. 

86 келі.

 Осы салмақтағы басты фаворит Темірлан Мұқатаев 2-раундта жеңісті тойлады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.