Ақтау маңында ұшақ құлап, қайғылы жағдай болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Ақтауда ұшақ құлаған орынға Қазақстан ТЖМ жеке құрамынан 52 адам және 11 бірлік техникасы барды. Осыған байланысты белсенділер де көмек қолын созып, қан тапсырып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
– «Ұшақ апатында туыстары мен жақындарынан айырылған адамдардың орны толмас ауыр қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтамыз. Бүгін партияластарымыз марқұмдардың рухына тағзым етіп қана қоймай, зардап шеккен жандарға қажет қан тапсыруда. Барша азаматтың тезірек сауығып кетуін тілейміз», – деді «AMANAT» партиясының «Жастар рухы» Жастар қанатының төрағасы Ақерке Искандерова.