Қоссайыстың нәтижесі бойынша ол 360 (163+197) келі көтерді.
Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында жеңіске жетті
976
оқылды

Қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин жастар арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, - деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Чуркин жарыста 89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Қоссайыстың нәтижесі бойынша ол 360 (163+197) келі көтерді.

Екінші орынды ирандық Илия Салехипур еншіледі – 356 (161+195) келі, ал қола медальді тағы бір ирандық Аббаспур Алиреза жеңіп алды – 355 (159+196) келі.

Айта кетейік, жақында Манама қаласында өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында Алексей Чуркин күміс жүлдеге ие болған еді.