Куәгерлер екі бірдей төтенше жағдай болғанын айтқан.
Ақтаудағы ұшақ апаты: тірі қалғандар ұшақ құлар алдында бортта не болғанын айтты
Фото: culture.ru
1,953
оқылды

Ақтауда оқиға орнынан ауруханаға жеткізілген жолаушылар ұшақ құлар алдында бортта не болғанын айтып берген, – деп хабарлайды Aikyn.kz «Царьградқа» сілтеме жасап.

Куәгерлер екі бірдей төтенше жағдай болғанын айтқан. Ұшақ құстармен соқтығысып, бір құс қозғалтқышқа кіріп кеткен. Бірнеше минут өткен соң салонда оттегі баллоны жарылып, соның салдарынан ұшақ тез құлай бастаған. Жолаушылардың көбі есінен танып қалған.

Бұл ақпаратты Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасы растады.

Қазір 29 адамның тірі қалғаны белгілі болды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram  арнасынан таба аласыз.