27 желтоқсан күні Швейцарияның Энгельберг қаласында шаңғымен трамплиннен секіруден Құрлықтық кубоктың кезеңі басталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, халықаралық турнирде еліміздің намысын төрт спортшы қорғайды.
Никита Девяткин, Сабыржан Мүмінов, Святослав Назаренко және Мағжан Аманкелдіұлы жарысты бастайды.