Көкшетау қаласында Оқжетпес көшесі бойындағы көпқабатты үйлердің бірінде екі жасар бала үйінде қамалып қалған. Анасы сыртқа шығып келмек болып, есікті бекіткішке жауып кеткен. Үйге оралғанында есігін қайта аша алмай қалған.
Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тез арада шақырылды. Олар баспалдақтың көмегімен терезе арқылы пәтерге кірген. Сөйтіп, жылап жатқан баланы жұбатып, есікті іштен ашып, оны анасына табыстаған. Зардап шеккендер жоқ.