Азия бокс қауымдастығы араға 6 жыл салып, жыл үздіктерін атап өтуді қайта жаңғыртты, – деп хабарлайды Aykin.kz.
Мsports.kz сайты жазғандай, 2024 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 17 номинация жарияланып, оның ішінде Қазақстан 4 аталымда жеңімпаз деп танылды.
Қазақстан бокс федерациясы Азияның үздігі болды.
Ал ерлер арасындағы үздік боксшы марапатына отандасымыз Сағындық Тоғамбай ие болды. 22 жасқа дейінгі жастар арасында Темірлан Мұқатаев үздік деген номинация алды.
Жастар арасындағы үздік боксшы марапатына 67 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Төрехан Сабырхан ие болды. Ол жуырда ғана ересектер арасына ауысып, Қарағандыда өткен ел чемпионатында топ жарды.