Отандасымыз 11 ойын өткізіп, ешбірінде ұтылған жоқ. 4 қарсыласынан басым түсіп, 7 рет тең ойнады. Барлығы 7,5 ұпай жинады, деп жазады Aykin.kz.
Мsports.kz сайты жазғандай, соңғы турда Бибісара 17 дүркін әлем чемпионы атағына ие қытайлық Цзюй Вэньцзюньмен ойнап, тең түсті. Нәтижесінде қарсыласы чемпион атана алмады.
- Хампи Конеру (Үндістан) - 8,5 ұпай
- Цзюй Вэньцзюнь (Қытай) - 8 ұпай
- Екатерина Лагно (Ресей) - 8 ұпай
Меруерт Қамалиденова 16-орыннан көрінді.
Ары қарай Нью-Йорктегі әлем чемпионаты блиц сайысымен жалғасады.