Елена неміс спортшысын 6:3, 6:1 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Осылайша, Қазақстан құрамасын алға шығарды.
Қазақстан құрамасы United Cup турнирінің жартылай финалына шықты
Фото: ҰОК
668
оқылды

Аустралияда өтіп жатқан United Sup турнирінде Қазақстан құрамасы Германияны жеңіп, жартылай финалға жолдама алды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, алғашқы ойында әлемнің 6-ракеткасы Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 80-орында тұрған Лаура Зигемундпен сынға түсті.

Елена неміс спортшысын 6:3, 6:1 есебімен айқын басымдықпен жеңді. Осылайша, Қазақстан құрамасын алға шығарды.

Екінші жекелей сында Германиядан әлемнің 2-ракеткасы Александр Зверев ойынға шықпады. Оның орнына рейтингте 254-орындағы Даниэль Мазур шықты.

Д.Мазур бірінші сетте Александр Шевченкодан 7:6 (7:5) есебімен басым түсті.

Дегенмен, кейін қазақстандық теннисші камбэк жасай білді — 6:2, 6:2.

Айта кетейік, жартылай финал Аустралияның Сидней қаласында өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.