Журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы тұңғыш ұлы ержеткенін айтып, жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Тележүргізуші ұлының ержеткеніне қуанғанын айтты. Алайда оның қыз баламен түскен суретін көріп, қызғаныш сезімі болғанын жасырмады.
“Үлкен бала демалысқа келген. Ұйықтап жатқанда басында жатқан телефонды алып қояйын деп жақындасам, экранының бетінде бір қызбен гүл ұстап фотоға түсіпті. Жігіт болып өсіп келе жатқанына қуандым ғой. Бірақ неге мен емес деген ой жылт ете қалды. Мен кейін сонда қызғаншақ ене болуым мүмкін ғой, иә”, – деп жазды журналист.
Айта кетейік, Ләйлә Сұлтанқызының ұлы Нидерландтан оралды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.