София Ақтаева семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы кезеңінде топ жарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, рапирамен семсерлесуден Қазақстан құрамасының спортшысы София Ақтаева Фуджейра қаласында (БАӘ) өткен жасөспірімдер арасындағы әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.
Финалда Қазақстан спортшысы Қытай елінің өкілі Чжихэ Тэден басым түсті.
Кездесу 15:13 есебімен аяқталды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.