Көш басында – Жапония (219 217 ұпай).
Дзюдо: Қазақстан жаңа маусымды әлемдік рейтингте нешінші орынмен бастайды?
Фото: ҰОК
667
оқылды

Дзюдодан жаңа маусымдағы алғашқы ірі халықаралық жарыс Францияның Париж қаласында өтетін Grand Slam сериясының кезеңі болмақ, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, турнир 1-2 ақпан аралығында өтеді. Бұл турнир ерекше маңызға ие. Себебі дзюдошылар өткен жылдың желтоқсан айының ортасында ресми түрде енгізілген жаңа ережелер бойынша сынға түседі.

Қазір Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте 12-орында тұр. Жинаған ұпай саны – 87 541.

Көш басында – Жапония (219 217 ұпай). Екінші орында – Франция (184 924 ұпай). Үшінші орынды бейтарап тудың астында өнер көрсететін спортшылар иеленген (114 452 ұпай).

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.