Өткен әлем чемпионатында Анастасия Городко алтын және күміс медаль жеңіп алып, 2022 жылы көрсеткен нәтижесін қайталады.
Фристайл-могулдан Қазақстанда өтетін әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды
Фото: ҰОК
519
оқылды

"Шымбұлақ" шаңғы курорты 7-11 қаңтар аралығында фристайл-могул және фристайл-акробатикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын қабылдайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, бапкерлер штабы елдегі әлем чемпионатында жүлде үшін таласатын қазақстандық могулшылардың есімдерін атады. Жарысқа келесі спортшылар қатысады:

- Анастасия Городко

- Юлия Феклистова

- Анастасия Ларионова

- Виктория Кузнецова

- Юлия Мокина

- Семён Русаков

- Ильнар Ибрагимов

- Данил Коротков

- Алексей Дениярёв

- Денис Раструба

Айта кетейік, өткен әлем чемпионатында Анастасия Городко алтын және күміс медаль жеңіп алып, 2022 жылы көрсеткен нәтижесін қайталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.