Рапирамен семсерлесуден Қазақстан құрамасы Фуджейрада өтіп жатқан әлем кубогында қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жасөспірімдер арасындағы әлем кубогында Қазақстан атынан төмендегі спортшылар өнер көрсетті:
- София Ақтаева
- Алена Гноева
- Алина Искандерова
- Алуа Нұрқанова
Отандастарымыз қола жүлде үшін Чехиямен кездесіп, 45:31 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, бұған дейін София Ақтаева жекелей сында алтын медаль иеленген еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.