Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Аделаида (Аустралия) WTA 500 турнирін жеңіспен бастады.
Путинцева Аустралиядағы турнирді жеңіспен бастады
Getty Images
464
оқылды

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 19-ракеткасы, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері, хорватиялық Донна Векичті 6:2, 6:3 есебімен тізе бүктірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

 

Бір сағат 32 минутқа созылған бәсеке барысында Путинцева 4 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Векич 3 эйс, 1 брейктен (5 брейк-пойнт) аса алмады.

Юлия Путинцева ширек финалға шығу үшін әлемнің 11-ракеткасы, америкалық Даниэль Коллинз немесе рейтингіде 42-орындағы Тунис өкілі Онс Жабердің қай жеңгенімен таласады.

Жүлде қоры 1 млн 064, 510 мың долларға бағаланған Аделаида жарысы 11 қаңтарда аяқталады.