Дзюдошы Моңғолия азаматтығын алғысы келеді.
Олимпиаданың қола жүлдегері Қазақстан азаматтығынан бас тартты
1bol.kz
2,407
оқылды

Ұзақ жылдар бойы Қазақстан атынан күрескен белгілі дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрах 2021 жылы өз отаны Моңғолияға оралған болатын. Кешегі желтоқсан айында ол Қазақстан азаматтығынан бас тартып, Моңғолия азаматтығын алуға өтініш берді. Бұл туралы 1bol.kz сайты хабарлаған. 

Отгонцэцэг 2015 жылдан бастап Қазақстан атынан өнер көрсете бастады. Ол Рио Олимпиадасының қола жүлдегері. Сондай-ақ, әлем чемпионаттарында екі рет үшінші орын алған. Азия чемпионы. Гранд Слэм, Гран При жарыстарында бірнеше рет топ жарды. Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері.

Отгонцэцэг Галбадрах Токио Олимпиадасынан кейін мансабын аяқтап, Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласына көшіп кетті. Осында Winner judo, sport club клубын ашқан. Қазір жас дзюдошылар дайындайды. Шәкірттері халықаралық жарыстарда күресіп, жеңіс тұғырынан көрініп жүр.