9 қаңтарда аралас командалар арасында жарыстар өтеді.
Қазақстан фристайл-могулдан әлем чемпионатының медальдық есебінде нешінші орында тұр?
Фото: ҚР ҰОК
627
оқылды

Анастасия Городко Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында фристайл-могулдан Қазақстан құрамасына екінші медаль әкелді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

8 қаңтарда спортшы параллель могулда алтын медаль жеңіп алды. Ал бір күн бұрын Городко жекелей сында екінші орынға ие болған еді.

Бұл Қазақстанның медальдық есепте екінші орынға нық бекітілуіне мүмкіндік берді. Ұлттық құрамадан жоғары Жапония орналасқан, олардың еншісінде екі алтын және бір қола медаль бар. Үздік үштікті бір алтынмен Чехия аяқтайды.

Айта кетейік, 9 қаңтарда аралас командалар арасында жарыстар өтеді.