XXXII Қысқы универсиадада Қазақстан құрамасының туын ұстап шығатын спортшылар белгілі болды.
Аяулым мен Абылайхан ту ұстайды
432
оқылды

Аяулым Әмренова – фристайл бойынша ұлттық құраманың үздік спортшыларының бірі. Оның қоржынында 2017 жылғы Еуропа кубогы кезеңдерінің алтын, күміс және қола медальдары бар. Сондай-ақ ол Қазақстан атынан 2018 жылы Пхёнчханда және 2022 жылы Бейжіңде өткен екі Олимпиада ойындарына қатысқан.

Абылайхан Сүлейменов – қазақстандық хоккейдің жұлдызы, «Номад» командасының ойыншысы. Оның спорттық мансабында жастар лигасы, төрт ұлттық турнир, Қазақстан кубогы, Континенталь кубогы, сондай-ақ АҚШ-та өткен ХХХІ Дүниежүзілік қысқы универсиада бар. Сол универсиадада Қазақстанның хоккей құрамасы үшінші орынды иеленді.

Айта кетейік, биылғы 13-23 қаңтар аралығында Италияның Турин қаласында XXXII Дүниежүзілік қысқы универсиада өтеді. Әлемнің 57 елінен 2000-ға жуық спортшы қатысатын бұл ірі студенттік жарыста 11 спорт түрі бойынша 96 медаль жиынтығы сарапқа салынады.