Финалдың жолдамасын отандасымыз аме­ри­калық Джессика Пегуламен сарапқа салады.
Путинцева жартылай финалға шықты
285
оқылды

Аделаида қаласында (Аус­тра­лия) өтіп жатқан WTA 500 турнирінде Юлия Путинцева әлемнің ең үздік теннис­ші­ле­рінің бірін жеңіп, жартылай финалға шықты.

Атап айтқанда, қазақ­стан­дық теннисші әлемнің 13-ра­кеткасы – ресейлік Диана Шнай­дермен кездесіп, үш сетте 7:6, 6:7, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Матч 3 сағат 14 минутқа созылды. Қазір Путинцева WTA рей­тингінде 25-орында, осы жеңісінің арқасында келесі аптада өз мансабында алғаш рет 23-орынға көтеріледі. 

Жерлесіміз финал жолда­ма­сын әлемнің жетінші ракет­касы америкалық Джессика Пегуламен сарапқа салады. Тағы бір жартылай финалда аме­рикандық Мэдисон Киз (№20) бен ресейлік Людмила Самсонова (№26) кездеседі.

Аделаидадағы турнир 2020 жылдан бері өткізіліп келеді, жүлде қоры – 1,06 млн доллар (чем­пион 164 мың доллар ала­ды). Жарыстың алғашқы же­ңім­пазы аустралиялық Эшли Барти болды, ал былтыр лат­вия­лық Елена Остапенко же­ңіске жеткен еді.