Жарысқа еліміздің басты рейтингтік турнирлерінде ең жоғары ұпай жинап, іріктеуден өткен 64 балуан қатысты.
Қазақ күресінен Астанада өткен турнирдің жеңімпаздары анықталды
Фото: "Қазақстан барысы" баспасөз қызметі
800
оқылды

Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қазақ күресінен "Дала қырандары" турнирі өтті, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Kaz.nur.kz-ке сілтеме жасап.

Жарысқа еліміздің басты рейтингтік турнирлерінде ең жоғары ұпай жинап, іріктеуден өткен 64 балуан қатысты. Олар 55, 60, 66, 74, 82, 90, 100 және 100 кг салмақтан жоғары санатта өзара мықтыны анықтады. 

Әр салмақтағы жеңімпазға 5 миллион теңгенің сертификаты және "Дала қыраны" чемпиондық белбеуі табысталды. 

"Дала қырандары – 2025" турнирінің жеңімпаздары: 

55 кг. Теміржан Руслан (Қызылорда облысы); 

60 кг. Нұрлыхан Мұханбетов (Ақтөбе облысы);

66 кг. Ержан Еренғайыпов (Астана қаласы); 

74 кг. Бейбарыс Тұрғанбекұлы (Ақтөбе облысы);

82 кг. Нұрдәулет Бақтыбайұлы (Шымкент қаласы);

90 кг. Ерасыл Жаңатаев (Алматы қаласы); 

100 кг. Ерсұлтан Мұзаппаров (Шымкент қаласы);

+100 кг. Қайсар Шамшидинов (Түркістан облысы). 

Айта кетейік, биылғы "Дала қырандары" турнирінің басты ерекшелігі шоу элементтерінің енгізілуі болды. Танымал қазақстандық спортшылар Руслан Әбдіразақов, Саят Шәмшиев және Василий Тахтай боз кілемде ММА спортшылары Фарид Абдуллаев, Ислам Джангоразов және Данил Ельбаевқа қарсы қарсы шығып, қазақ күресінің ережесі бойынша күресті. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.