UFC-дің экс-чемпионы, мансабында мүлдем жеңіліп көрмеген дағыстандық файтер Хабиб Нұрмагомедов көздеген жеріне жете алмады. Ағылшын тілін білмеген спортшы American Airlines ұшағында стюардессамен сөзге келіп, борттан шығып кетуге мәжбүр болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Ресейдегі ең дәулетті спортшылардың бірі болғанына қарамастан (байлығы – 40 млн доллар), Хабиб ұшақтың эконом-класс санатынан орын алыпты. Оның орындығы апатты есік жанында болғандықтан, стюардесса спортшыдан «апат болған жағдайда өзгелерге көмектесе аласыз ба?» деп сұраған. Хабиб болса ағылшын тілін түсінбегендіктен, сұраққа жауап бермеді. Тиісінше, борт қызметкерлері одан өзге орынға отыруды талап еткен. Келіспеген жағдайда ұшақтан түсіп қалуын сұраған.
Даңқты файтер сөзге келмей, ұшақтан түсіп кетті. Ол Лас-Вегастан Лос-Анджелеске ұшпақ болған.
Хабиб қазіргі таңда өз командасымен бірге Лос-Анджелестегі базада жаттығу жасап жүр. Ол Шавкат Рахмоновтың болашақ қарсыласы – орта салмақтағы әлем чемпионы Белал Мухаммадқа көмектесіп жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.