Қосымша білім беру мекемелері 5 сәуірге дейін жабылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті.
"Музыкалық, көркем мектептер мен балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне келетін болсақ, онда қаланың әр тарапынан балалар келеді. Олар өте көп, 10-20 мың бала баратын оқушылар сарайлары болады. Біз әзірше 5 сәуірге дейін қызметті тоқтата тұру туралы шешім қабылдадық", - деді Аймағамбетов ОКҚ брифингінде.
Ол 16 наурыздан 5 сәуірге дейін мектеп оқушылары демалысқа кететінін еске салды.
"5 сәуірден кейін, егер қажеттілік болса, қашықтықтан жұмыс режиміне көшуге дайынбыз. Біз сондай-ақ мұғалімдер үйде бола алады және өз жұмысын орындай алады деген шешім қабылдадық. Жалақы сақталады", - деді ол.