Қазақстанның теннисшісі жасөспірімдер арасында финалға дейін жетті.
Қазақ қызы топ жарды
197
оқылды

Түркиялық Илай Йорукпен жұптасып өнер көрсеткен қазақстандық теннисші Сандуғаш Кенжібаева Анталияда өткен W15 санатындағы ITF сериясы турнирінің жеңімпазы атанды.

Финалдық матчта 19 жастағы Кенжебаева мен 23 жастағы Йорук неміс теннисшісі Мина Ходжич пен швейцариялық Мари Меттроны жеңді, есеп – 6:4, 5:7, 10:8. Осылайша, Сандуғаш ITF турнирінде жұптық сында үшінші рет топ жарып отыр. Былтырдан бері Кенжібаева қазақстандық жас жаттықтырушы Артур Хайрутдиновтің қарамағында жат­тығады.

Тағы бір қазақстандық Аружан Сағандықова ресейлік Мария Головинамен жұптасып, W15 санатындағы ITF турнирінің финалында Тунистің Монастирінде словениялық Зива Фалькнер мен сербиялық Рене Миловановичтен ұтылды, есеп – 4:6, 4:6.

Жекелей сында Аружан ширек финалға дейін жетіп, неміс Лара Шмидттен жеңіліп қалды (4:6, 5:7).