Сұлтан Заурбек 2018 жылдан бері кәсіпқой бокста бақ сынап келеді.
Қазақстандық боксшы IBF рейтингінде жоғарылады
Фото: instagram.com/sultanzaurbek
460
оқылды

Қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек (19-0, 13 КО) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBF) жаңарған рейтингінде екі саты жоғарылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Жартылай жеңіл салмақтағы тізімде отандасымыз бесінші орынға шықты. 2024 жылы үш жекпе-жек өткізген болатын.

Сұлтан Заурбек 2018 жылдан бері кәсіпқой бокста бақ сынап келеді. Әуесқой бокстан Азия чемпионы (2014) және әлем чемпионатының (2014) күміс жүлдегері.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.