Мәнерлеп сырғанаудан әйелдер бәсекесінде сынға түскен Софья Самоделкина қола жүлде иеленді, деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әйелдер арасындағы жарыстың нәтижелері:
Рион Симиоши - 204.29 ұпай (Жапония)
Моне Чиба - 203.85 ұпай (Жапония)
Софья Самоделкина - 190.96 ұпай (Қазақстан).
Бұл - мәнерлеп сырғанаудан қысқы Универсиада тарихындағы екінші медаль. Бұған дейін 2019 жылы Елизабет Тұрсынбаева күміс жүлдені алған.
Ал ерлер сайысында Михаил Шайдоров екінші қысқы Универсиадасында да 4-орынға тұрақтап, жүлдеге сәл ғана жетпей қалды.
Ерлер арасындағы жарыстың нәтижелері:
Юма Кагияма - 289.04 ұпай (Жапония)
Даниэль Грассль - 280.56 ұпай (Италия)
Ча Чун-хван - 264.94 ұпай (Корея)
Михаил Шайдоров - 260.15 ұпай (Қазақстан).