Бастапқыда ол 17 қаңтарда Кувейтте өтетін жекпе-жекке шығуы керек еді.
Қазақстан файтері Қытайда жеңімпаз атанды
sportplustv.kz
648
оқылды

Қазақстан файтері Көшен Ақанов (5-0) Қытайда жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

sportplustv.kz мәліметінше, жергілікті JCK лигасының аясында Ақанов ұлты қазақ Қытай азаматы Құбылан Тұрсынбекұлымен (18-12) кездесті. Төрешілердің бірауыздан шешімімен Жеңіс Көшенге берілді.

Бұл жекпе-жек бойынша ұсынысты 27 жастағы Ақанов аз уақыт ішінде қабылдады. Бастапқыда ол 17 қаңтарда Кувейтте өтетін жекпе-жекке шығуы керек еді. Алайда жекпе-жек қарсыласының жарақат алуына байланысты тоқтатылды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз