Семсерлесуден Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Манамада (Бахрейн) өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Аikyn.kz Olympic.kz. сілтеме жасап.
Командалық жарыста Қазақстан намысын Нұржан Әбжанов, Алексей Касаткин, Ғабидин Мұстафин, Кирилл Проходов қорғады.
Ширек финалда құрамамыз Сауд Арабиясынан 45:36 есебімен айласын асырса, жартылай финалды Қытайды 45:25 есебімен жеңді.
Қазақстан шешуші матчты Францияға қарсы өткізіп, 44:43 есебімен жеңіске жетті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз