Көлік министрлігі әуежайларда шекаралық бақылаудан өту рәсімін жолаушылар үшін жайлырақ ететін бұйрық жобасын жариялады.
Еліміздің әуежайларында шекара бақылауынан өту жеңілдетіледі
Фото: istockphoto.com
436
оқылды

Тиісті бұйрық жобасы ел әуежайларында паспорттық бақылаудың автоматтандырылған жүйесін қамтамасыз ету мақсатында әзірленген, – деп хабарлайды Аikyn.kz  Tengritravel.kz сілтеме жасап.

Құжатқа сәйкес, шекаралық бақылаудан өтудің қарапайымдылығы мен жылдамдығын қамтамасыз ету үшін:

Жолаушылардың ұшу/қону процедураларын өту уақытын реттейтін және Шекара қызметімен келісілген әуежай стандарты болуы қажет;

Процедураларды өту талаптары туралы жолаушыларға қолжетімді ақпарат болуы қажет;

Паспорттық бақылауда жолаушыларға қызмет көрсету жылдамдығының Шекара қызметімен келісілген стандарттары және олардың орындалуын бақылау болуы қажет;

Жылына 1 миллионнан астам жолаушыны қабылдайтын әуежайларда паспорттық бақылаудың автоматтандырылған жүйесінің болуы қажет (әуежай операторының міндеті).

Сонымен қатар, құжатқа сәйкес, шекаралық бақылау қызметі персоналының сыпайылығы мен сәлемдесуі төмендегілерді қамтамасыз етуі тиіс:

Жолаушылар ағынына байланысты және өткізу аймағының өткізу қабілетін жедел арттыру мүмкіндігіне қарай шекаралық бақылау қызметі персоналының тәуліктік жұмыс кестесінің болуы және оның әуежаймен келісіліп бекітілуі;

Қызмет персоналының сыртқы келбетіне қойылатын талаптардың стандартының болуы және оның орындалуын бақылау.

Жоба "Ашық НҚА" порталында орналастырылған және 31 қаңтарға дейін көпшілік талқылауына ашық.