Жекелей сында Қазақстан құрамасының барлық спортшылары турнирді аяқтады.
Елена Рыбакина Australian Open-2025 турнирінің ширек финалына шыға алмай қалды
Фото: ҰОК
151
оқылды

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Аустралияның Мельбурн қаласында өтіп жатқан Australian Open-2025 турнирінің 1/8 финалында жеңіліс тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, бұл кезеңде қазақстандық теннисші АҚШ спортшысы Мэдисон Кизбен кездесті. Ойын үш сетке созылды. Нәтижесінде Киз 6:3, 1:6, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, жекелей сында Қазақстан құрамасының барлық спортшылары турнирді аяқтады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.