Қазақстанда тағы екі адамнан коронавирус анықталды
Қазақстанда тағы екі адамнан коронавирус анықталды
© Сурет ғаламтордан
5,170
оқылды
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Біреуі – 1958 жылы туған ер адам. Жеке кәсіпкер Алматыға Мәскеуден 10 наурызда ұшып келген. Қазіргі таңда карантинде жатыр. Екінші дерек елордадағы әйел адамнан тіркелді. Ол Варшавадан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып келген. Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған қазақстандықтар саны 6-ға жетті. Оның 4-еуі Алматыда, 2-еуі Нұр-Сұлтан қаласында.