ҰОС ардагерлерінің үйлеріне жөндеу жұмыстарын «Nur Otan»-ның волонтерлері жүргізеді
«Nur Otan» еріктілері Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің пәтерлерін жөндеу жұмысына кірісті. «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында іске асырылып жатқан бұл акция елордамыздағы партия филиалы арқылы іске қосылды.
Бүгін партиялықтар соғыс алаңындағы сан ұрысқа қатысқан Раиса Максименконың үйіне барды. Ол «Қызыл Жұлдыз», «Ұлы Отан соғысы» ордендерімен және жауынгерлік медальдармен марапатталған. Ардагердің пәтеріндегі жатын бөлме мен кіреберіс дәлізге жөндеу жұмыстары басталып кетті.
Партиялықтар бүгінде 12 пәтерге жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осындай игілік елордадағы көмекке мұқтаж барша ардагерге көрсетілетін болады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2020 жыл Қазақстандағы «Еріктілер жылы» деп жарияланғанын естеріңізге сала кетейік.