Бүгін Туринде (Италия) шорт-тректен ерлер құрамасы 5000 метрлік эстафетада қола медаль иеленді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Осылайша, Қазақстан қысқы Универсиаданы 14 медальмен аяқтады.
Спортты дамыту дирекциясы жеңіске үлес қосқан спортшыларымызды жариялады. Олар:
Дінмұхамедалдияр Тәжібай
Санжар Жанысов
Айбек Темірхан
Валерий Клименко
Әлішер Абулкатимов
Бұл – еліміздің XXXII Универсиадада еншілеген 14-медалі!
Түнде Астана уақытымен 00:00-де жабылу рәсімі өтеді. Финалдық сәттерді жіберіп алмаңыздар!
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.