Бокстан Әлем кубогы - ерлер мен әйелдер арасындағы үздік боксшылар рейтингтік ұпайларды сарапқа салатын, бірнеше кезеңнен тұратын турнир сериясы.
Бокстан 2025 жылғы Әлем кубогының кезеңі Қазақстанда өтеді
Фото: ҰОК
762
оқылды

World Boxing ұйымы 2025 жылдың ресми жарыс күнтізбесін жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Федерацияның баспасөз қызметі мәлім еткендей, күнтізбе бойынша 2025 жылғы Әлем кубогының екінші кезеңі Қазақстанда ұйымдастырылады. Турнир 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді.

Бокстан Әлем кубогы - ерлер мен әйелдер арасындағы үздік боксшылар рейтингтік ұпайларды сарапқа салатын, бірнеше кезеңнен тұратын турнир сериясы. 

Сондай-ақ, биыл жыл бойы үш кезең өткізіліп, қараша айында финалдық бәсекелер болмақ.

Ал, 2025 жылғы әлем чемпионаты 4-14 қыркүйек аралығында Ұлыбританияда өтетіні белгілі болды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.