Бұл қызметке Мерей Ақшалов келді.
Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы тағайындалды
Фото: Ашық дереккөзден
1,193
оқылды

Қазақстан бокс федерациясы президентінің бұйрығымен Мерей Төлегенұлы Ақшалов бокс федерациясының бас хатшысы қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Аikyn.kz федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мерей Ақшалов бокстан әлем және Азия чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері.

Мерей Ақшалов 1988 жылы 8 мамырда Абай облысы Аягөз ауданы Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген. 2004 жылы ол Бейжің Олимпиадасына қатысты. 2013 жылғы Азия, әлем чемпионы атанды. "Азияның үздік боксшысы" және Қазақстанда "Жылдың үздік спортшысы" атағының иегері.