Былтыр әлемде смартфон сатылымы 4 пайызға артты, 1,24 млрд дана сатылған. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 6,4 пайызға (1,16 миллиард дана сатылды) артық.
Смартфондар сайысы
429
оқылды

Соңғы екі жылда бұл нарықта құлдырау байқалған еді. Counterpoint Technology Market Research биыл қаңтарда жарияланған зерттеуінде ақылды қалтафон сатушы үздік үштікке Samsung, Apple және Xiaomi кірген. Былтыр құны 1000 АҚШ долларынан асатын ультрапремиум смартфондар көп сатылған. 

Counterpoint зерттеу бө­лі­мі­нің жетекшісі Тарун Па­тактың айтуынша, 2024 жыл ал­­дыңғы қиын сәттерден кейінгі (әсі­ресе, 2023 жылы соңғы он­жыл­­дықта ең төменгі сатылым көр­сеткіші тіркелді – сатылым 3,2 пайызға төмендеген еді) тұ­рақ­тандыру жылы болды. «Смар­т­фон адамның күнделікті тұрмысына аса қолайлы өнім болып қала бер­мек. Әрі макроэкономикалық қы­сымның әлсіреуі себебінен был­тыр бұл нарық барлық аймақ­та (әсіресе, Еуропа, Қытай және Ла­тын Америкасы) оң динамика көр­сетті», – деп атап өтті сарап­шы. 

Samsung 12 жыл «тақтан» түспеді

2024 жылы аталмыш саланың көш­басшысы – Samsung болды. Бұл компания 2010 жылдан бері ат­тай 12 жыл бойы тақтан түспеді, тек 2023 жылы Applе-ге есе жі­бер­ген болатын. Былтырғы жыл­дық сатылымы 1 пайызға артып, Оң­түстік Корея өндірушісінің на­­­рықтағы үлесі 19% деп баға­лан­ды. Galaxy S24 сериялы смартфон жа­санды интеллектімен жаб­дық­тал­ған құрылғы ретінде ұсы­ны­лып, Батыс Еуропа мен АҚШ-та көп сатылды. Соңғы бірнеше жыл­да Samsung компаниясы Apple-ге қарсы айқын қақтығыс бас­тағандай. Олардың әрбір флаг­маны «бізде жақсы экран/про­цессор/камера» деп айқайлап тұ­рады. Жоғары деңгейдегі үл­гі­лері қымбат, сапалы құ­рас­ты­ры­ла­ды және таңданардық си­пат­та­ма­ларға ие. Apple-ден айыр­­­ма­шылығы, Samsung компаниясында әртүрлі бағада көптеген үлгідегі құрылғы бар. Корейлік брендің басты кем­ші­лігі – One UI қабығы. Бұл база­лық Android жүйесіне қосылатын қабат, ол интерфейстің сыртқы кө­рінісін өзгертеді. Дегенмен бренд үш негізгі тұғырға негіз­дел­ген: камера, құрастырылу сапасы (са­палы металл мен пластик, был­ғары элементтер, ешқандай саңы­лаулар жоқ) және жарқын дис­плейлер. Көп сатылған құ­рыл­ғылары – Galaxy Z (Flip 4, Fold 4, Flip 3 5G), Galaxy S (S21, S22, S22+, S22 Ultra) және Galaxy A (A52, А32, A73).

Apple-ге бір жыл бұйырды

Counterpoint Technology Market Research зерт­теуі­не сәйкес, былтырғы рейтингте екін­ші орын Apple-ге бұйырды, на­рықтағы үлесі шамамен 18%. Алайда бұл компанияның жыл­дық сатылымы 2 пайызға тө­мен­де­ді. iPhone 16 сериясы жайлы тұ­тынушылар екіұдайы пікірде болады. Құрылғыны сынағандар «уә­де етілген» Apple Intelligence жа­санды интеллект жабдығының болмауына наразы болды. Де­ген­мен Apple Латын Аме­ри­ка­сы, Африка және Азия-Тынық мұ­хиты аймағында белсенді са­тыл­ды. 

Apple смартфон өндіру және сату бойынша соңғы онжыл­дық­та­ғы рекордын жаңартып, 2023 жы­лы алғаш рет көшбасшы бол­ды. IDC мәліметіне сүйенсек, 2023 жылдың қорытындысы бойын­­ша компанияның жеткі­зі­лім көлемі 3,7 пайызға өсіп, 234,6 миллион данаға жетті. Apple-дің әлемдік нарықтағы үлесі 20,1%, ал Samsung компаниясының үле­сі 19,4% болды. Оңтүстік корея­лық компания 2023 жылы 226,6 мил­лион смартфон сатқан болатын. 

Xiaomi жылдам «өсті»

Ал үшінші орында – Xiaomi, әлем­дік нарықтағы үлесі – 14%. Аталмыш Қытай компаниясы был­тыр бес жетекші бренд ара­сын­да ең жылдам өсім көрсетті. Тех­носарапшылар Xiaomi на­рық­қа премиум сападағы құрылғылар ұсыну нәтижесінде 12 пайыздық өсім­ге қол жеткізе алғанын айт­ты. Xiaomi – қытайлық смарт­фон­дарға тұтынушылар сенімін ұя­латуға септескен үздік бренд деу­ге болады. Xiaomi қалтаға қо­нымды құрылғыдан бастап құны едәуір қымбат тұратын люкс жаб­дықтарға дейін нарыққа шығара ал­ды. Xiaomi компаниясының фир­­малық қабығы (Android жүйе­сіне қосылатын қабат) көп­те­ген стандарттан тыс қызметтер ұсынады: мысалы, тұрмыстық техникаға арналған әмбебап ИК-пу­льт, екі құрылғы арасында файл­дарды сымсыз тасымалдау мүмкіндігі және тағы басқа. Алай­да кейде бұл функциялар қа­те жұмыс істеп, кириллица не­месе жергілікті қосымшаларға то­лық үйлеспей жатады (мысалы, NFC мәселесінде еуропалық стан­дарттар қытайлықтарға сәй­кес келе бермейді). Сондықтан бел­гілі бір үлгіні таңдамас бұрын то­лық шолуына зер салған абзал. Ком­панияның көп сатылған құрыл­ғылары – Xiaomi 11, Xiaomi 12, Redmi және Poco (M5, X4, F4). 

Huawei – бүктелетін смартфон үздігі

Былтыр бүктелетін смарт­фон­дардың әлемдік саты­лы­мы 2023 жылмен салыстыр­ған­да, 49 пайызға артты, ал Huawei ком­паниясы алғаш рет осы сала­да ең ірі өндіруші атанды. Бүк­те­летін дисплейі бар смартфонды 5G байланысымен жабдықтай ал­ғаны үшін Huawei айтарлықтай нә­тиже көрсетті: бұл құрыл­ғы­лар­дың жылдық сатылымы 257 пайыз­ға артты, ал қытайлық өн­діру­шінің нарықтағы үлесі 14%-дан 35%-ға дейін өсті. Осылайша, Huawei компаниясы Samsung-ті (жыл­дық сатылымы 42%-ға тө­мен­деді) қапыда қалдырып, бүк­те­летін экранды смартфондар на­ры­ғында жетекші орынға шықты. 

Counterpoint зерттеуінде 2024 жылдың бірінші тоқ­­санында кітап тәрізді жа­бы­латын құрылғылар бүктелетін смартфондардың нарығында 55 пайыздық сатылымға ие болды. Мұндай иілгіш жабдықтардың са­тылымы 2021 жылдан бері ал­ғаш рет үздік нәтиже көрсетті. Жал­­пы алғанда, бүктелетін құ­рыл­­ғылар нарығы әртүрлі бренд­тер, соның ішінде OnePlus және Vivo сияқты компаниялардың жаңа үлгілерінің пайда болуымен бел­сенді дамып келеді.

Асыл ТҰМАР